Главная Карта Контакты


Rambler's Top100

Дуальді оқыту жүйесін енгізу білікті маман даярлаудың кепілі


М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның «Парасат» колледжінде құрылтайшылардың 2мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесін енгізу тәжірибесі

 М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның «Парасат» колледжінде құрылтайшылардың 2мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесін енгізу тәжірибесі

 

 

Еліміз  өзіне тән жаңа даму жолын қалыптастырып, күннен-күнге өркендеп өсіп, ілгері қарай нық қадам басуда. Қазіргі нарықты жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

 

 

М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның «Парасат» колледжі 2001 жылдан бері 12 мамандық бойынша білім беруде. Осы мамандықтар бойынша бітірген оқушылар жыл сайын мемлекеттік үлгідегі диплом алып, еліміздің түкпір-түкпірінде өз орындарын тауып, қызмет етуде.

Елбасының 7 желтоқсан 2010 ж бекітілген жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған мемелекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіптік білімнің сапасын арттыру, әлемдік деңгейдегі  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында Германия елінің  тәжірибесін үлгі ете отырып, дуальді жүйеге көшу талабы барлық кәсіптік-техникалық оқу орындарына міндет етіп қойылды.

Осыны ескере отырып, колледж құрылтайшысы Сапарбаев Марат Марданұлының қолдауымен 2011 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығының сабақтарына дуальді оқыту жүйе элементтерін ендіре бастадық.  Азғана уақыт ішінде өз нәтижесін көрсетті. Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артуы өз алдына, мамандығы қазіргі еңбек нарығында қаншалықты деңгейде сұранысқа ие екендігін терең ұғына бастады. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруы білімге деген талпыныстарын еселей түсті. Оны оқу үлгерімі көрсеткіштерімен көруге болады. Атап айтсақ, «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығында 2011 жылы 75 оқушы  болса, қазіргі уақытта 250 оқушы білім алуда. Бұл әрине, оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығының артуы, дуальді жүйенің дұрыстығының дәлелі.

Былтырғы оқу жылында «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығының оқыту жүйесіне де дуальді жүйенің элементтерін енгізе бастадық. Өйткені колледж құрылтайшысының өзінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша тәжірибе өткізетін базасы ретінде 400 орындық «ДарияМарс» балабақшасы, «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Марс», «Сапар стандарт», «Сапар», «RIXOS» қонақ үйлері оқу-өндірістік тәжірибе өтетін базасына айналды. Бұл мекемелерде оқушыларға арналған арнайы кабинеттер, мекеме талабына сай арнайы киімдері қарастырылып, ашық сабақ және басқада іс-шаралар өтуіне жағдай жасалынған.

 

 

Бұған дәлел ретінде айтар болсақ, «Парасат» колледжінің оқытушыларының 30%  М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның түлектері болса, былтырғы жылы бітірген «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша 25 оқушының төртеуі «Дария Марс» балабақшасына жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытта,«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша«ДарияМарс» балабақшасында 15 оқушымыз тәжірибеде болса, «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандығының 15 оқушымыз «Достық» қонақ үйінде, 13 оқушымыз «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде  тәжірибеден өтуде.Оқушыларымыз колледжден алған теориялық білімін оқу-өндірістік тәжірибеден шыңдауда. Қызмет көрсету саласында қосымша тіл білу басты міндет екенін түсінген оқушыларымызға, колледжде қытай, ағылшын тілі бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Онда білікті мамандар аптасына үш мәрте сабақтан тыс уақытта қытай, ағылшын тілінен сабақтар өтеді.

Оқушы дуальді жүйенің басты факторы деп санасақ, колледжде кәсіптік білім беруге баса назар аударылуы оның жарқын айғағы мамандықтар бойынша тиісті мекемелермен алдын ала жасасқан келісім шарттар негізінде оқушыларымыздың өз теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасалынуы. Диплом алды  тәжірибелерін өткен мекемелерде жұмысқа орналасып жатқан оқушыларымызда бар. Еңбек нарығының талабы, сұранысы, кәсіби өз ісінің шебері мамандары екенін ескерсек, біздің колледжді бітіруші мамандар нарықта сұранысқа ие деп айта аламыз. Осыған орай, колледж директорының оқу-өндірістік тәжірибесі жөніндегі орынбасары Кәдір Ердос Төребайұлын облыстық білім басқармасы және колледж құрылтайшысының қолдауымен 2013 жылдың 14-26 қаңтар аралығында Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша аймақ аралық орталық «Алматы құрылыс және менеджмент» колледжінде «Құзыреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламаларын дайындау және енгізу» атты тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан және одан бері 13 мамыр - 21 маусым аралығында Еуро кеңестің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесі бойынша тәжірибе алмасу курсын оқып өз білімін шыңдады. Бұл тәжірибе алмасудан кейін колледжде көптеген оңды өзгерістер орын алды. Яғни, Германия мемлекетінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дуальді оқыту жүйесінің біршама элементтерін енгізе отырып,  колледждің материалдық-техникалық базасын оқытудың дуальді жүйесінің элементтерін енгізуге бейімдей бастадық. Ол үшін теориялық және тәжірибелік сабақтарды лезде-ауыспалы түрде өткізуге мүмкіндік беретіндей етіп бірнеше кабинеттер қайта ұйымдастырылды. Айта кететін болсақ, «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Дизайн» және т.б. бірнеше арнайы пән кабинеттері мен зертханалар қайта жабдықталды.

Бүгінгі еңбек нарығы қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелерінің де жауапкершілігін арттыру уақыт талабы. Осы орайда шет елдерде қолданылып, өзінің жақсы нәтижесін беріп келе жатқан оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. 

Негізі: "Парасат" колледжі, 05 ақп 2015


07 қар 2016

Атырау қаласында Ұлы Отан соғысындағы Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасындағы Халықаралық турнирі болып өтті.

07 қар 2016

Бүгін колледжіміздің студенттері мен мұғалімдері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

07 қар 2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында баскетбол жарысы өтті.



Сурет галерея

Ғаламторды оқу мақсаттарына қаншалықты пайдаланасыз?
Күн сайын
Аптасына бірнеше рет
Аптасына бір рет
Айына бірнеше рет
Айына бір рет және одан да сирек
Тіптен пайдаланбаймын
© 2010 :: М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның "Парасат" колледжі