Главная Карта Контакты


Rambler's Top100

«Құқықтану және педагогика бөлімі»

Құқықтану және педагогика бөлімі.

0205002 - «Құқықтану»

«Құқықтану» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 1 жыл 10 ай.

Түлектің біліктілігі: «Заңгер».

0205002- «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгердің кәсіптік қызмет объектілері – соттар, сот атқарушыларының департаменттері, нотариат кеңселері, салық органдары жүйесі, әділет басқармалары, прокуратура және ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы-билік органдары және өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерде жұмыс жасайды.

0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 3 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай.

 Түлектің біліктілігі: «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі», «Тәрбиеші ана (патронат тәрбиешісі)».

0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша маманының кәсіби қызметінің нысандары:

1.     Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі біліктілігінің кәсіби қызметтегі нысандары:

-         мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесі.

2. Тәрбиеші-ана (патронат тәрбиешісі) біліктілігінің кәсіди қызметтегі нысандары:

-    балаларды отбасына орналастырудағы жеке оқу-тәрбие жұмыстары және оны ұйымдастыру технологиясы.

0314002 – «Бастауыш сынып мұғалімі»

«Бастауыш сынып мұғалімі»  мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 3 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай.

Түлектің біліктілігі: «Бастауыш сынып мұғалімі».

0314002 – «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірушінің кәсіптік қызмет объектілері – оқу-тәрбие жұмысымен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер, кәсіпорындар,  нақты мамандықты бітірушілердің ықтимал қызмет саласына тікелей немесе жанама түрде қатынасы бар әр түрлі коммерциялық құрылымдар.

0832002 - «Аударма ісі»

«Аударма ісі» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 1 жыл 10 ай.

Түлектің біліктілігі: «Аудармашы-реферант».

«Аударма ісі» мамандығын бітірушінің кәсіптік қызмет объектілері - түлектердің кәсіптік қызмет объектілері, мемлекеттік ұйымдар, фирмалар (туристік, өнеркәсіптік, өндірістік, ауыл шаруашылық т.б.) елшіліктер, шет ел компанияларының өкілеттіліктері, қоғамдық және халықаралық ұйымдар, агенствалар, ғылыми-зерттеу орталықтары, халықаралық курьерлік қатынастар, баспалар, халықаралық коммуникация қатынасы, аударманы  оқыту орындары, мәдениетаралық қарым-қатынас жатады.

0306002 - «Қазақ тілі және әдебиеті»

«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 3 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай.

Түлектің біліктілігі: «Негізгі мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі».

«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын бітірушінің кәсіптік қызмет объектісі меншіктің әр түріндегі оқу және тәрбие мекемелері болып табылады.

«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірушілер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды:

-         негізгі мектептегі қазақ тілі және әдібиеті мұғалімі;

-         білім беру мекемелерінің басқару жүйесінде.

0640002 - «Дизайн»

Оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай

Біліктілігі: «Дизайн бойынша суретші - шебер»

         Бұл мамандыққа бізге 25 орынға мемлекеттік тапсырысқа оқушылар қабылданған. «Дизайн» мамандығы бойынша оқушылардың кәсіптік қызметінің объектілері жарнама жұмыстар, киім модельдеу, үйдің немесе бөлменің ішкі көрінісі, қоршаған ортаның архитектуралық  дизайны және тағы басқа профиль бойынша мамандыққа қатысты жұмыстар. «Дизайн» мамандығы бойынша оқушылардың кәсіптік қызмет түрлері:

-         көркемсурет-шығармашылық, шығармашылықпен жұмыс жасай білу;

-         өндірістік-шығармашылық, шығармашылық тапсырмалар, мемлекеттік емес мекемелердің мемлекеттік тапсырмаларын орындау;

-         өндірісті-басқарушылық, көркемсурет мамандықтары бойынша ғылыми мекемелерде жұмыс жасау, бейнелеу өнерінен нақты тақырыптарды зерттеу.

Мамандығы бойынша жоғары білім беретін оқу орындарында білімдерін жалғастыра алады.

0310002- «Дене тәрбиесі және спорт»

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі нысаны кезінде мамандық бойынша кәсіптік-білімдік бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

-         негізгі жалпы білім базасында - 3 жыл 10 ай;

-         орта жалпы білім базасында - 2 жыл 10 ай.

Түлектің біліктілігі: «Дене шынықтыру және спорт тәрбиешісі»

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын бітіруші мамандар оқу-тәрбиесімен айналысатын білім беру мекемелері мен бастауыш, негізгі, орта және аз комплектілі мектепке және мектепке дейінгі, оқу-тәрбие мекемелерінде, спорттың барлық түрлерінен жаттықтырушы және оқытушы қызметін атқара алады. Педагогикалық жұмыстар, оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстар, шынықтыру-сауықтыру жұмыстары, басқару жұмыстары.

Білім жалғастыру үшін біздің бітіруші түлектер мамандықтары бойынша оқу орындарына (жеделдетілген мерзімде) оқуға түсе алады, сонымен қатар, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның күндізгі және сыртқы бөліміне 20%-дық жеңілдікпен қабылданады.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пәндік үйірмелермен қатар волейбол, баскетбол, шахмат, футбол, гандбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ секциялары ұйымдастырылып тұрақты жұмыс жасайды.

Оқытушылардың сапалық құрамы

«Құқықтану және педагогика» бөлімінде 33 оқытушы штат кестесінде жұмыс атқарады. Оның ішінде жоғары санатты – 7 оқытушы, бірінші санатты – 9 оқытушы. Бөлімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлап орындалуын ұйымдастырып отыратын мына төмендегідей пәндік циклдік комиссия жұмыс істейді. «Әлеуметтану және гуманитарлық» ПЦК-да – 19 оқытушы. Төрайымы: Ибрагим И.Ә.. «Жалпы білім беру» ПЦК-да – 14 оқытушы. Төрайымы: Шолтаева Н.М.

«Құқықтану және педагогика» бөлімінің мақсаты мен міндеттері

1.     Үнемі студенттердің білім сапасын көтеріп отыру.

     Студенттердің білім сапасын көтеру мақсатында толығымен жабдықталған құқықтану, педагогика, ағылшын тілі, қазақ тілі және дене тәрбиесі пәндері бойынша зертханалық-тәжірибелік кабинеттер, интерактивті тақтамен жабдықталған, интернетпен байланыс орнатылған кабинеттер, спорттық ойындарға қажетті құралдармен толық жабдықталған спорт залдары жұмыс істейді.

2.     Инновациялық технологиямен оқытуды қолдану.

     Инновациялық жаңа технологиялармен жұмыс істеу мақсатында оқытушылар өз сабақтарын электрондық оқулықтармен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер мен интерактивті тақтада, техникалық көрнекі құралдар мен оқу видеофильмдер қолдану арқылы жан-жақты жабдықталған сабақтар өткізіледі.

     3. Оқытудың сапалығын арттыру мақсатында базалық өндіріс орындары мен мектептермен байланыса отырып оқу іс-тәжірибелерін жүргізу үнемі келісім шартқа отыру арқылы іске асырылып отырады.

«Құқықтану және педагогика» бөлімінің жетістіктері

2009-2010 оқу жылында «Парасат» колледжі орта оқу орындары арасында өткен қалалық XXV спартакиадада өткізілген жарыстарда жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды. «Оңтүстік Қазақстан құқық және салалы технология» колледжінде өткен спорттық жарыстарда біздің студенттер баскетбол ойынынан ұлдар бірінші орынды, гандболдан колледждің қыздар командасы бірінші орынды иеленді. № 2 Л.Тәжиева атындағы спорт мектебінде өткізілген жарыстарда біздің студенттер шахматтан, столдағы теннистен және тоғызқұмалақтан екінші орынды, шашкадан төртінші орынды иеленді. «Көп салалы коммуникация және транспорт» колледжінде өткен жарыстарда біздің колледж командалары футболдан бірінші орын, воллейболдан екінші орын, орталық стадионда өткен жеңіл атлетика жарысынан бірінші, «Металлург» стадионында өткен президенттік күресте Сапаров Мақсат, Гулюкина Александра, Гребенщиков Дмитрий, Жазықбаев Марат, Прозовская Яна, Талдыкина Ангелина үздік жетіктестіктерге жетті.

Сол сияқты «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері Емельянов Михаил байдаркада жүзуден, Арапбаева Жібек фристайлдан, Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрама командасының құрамында жарыстарға қатысып отырады.

«Құқықтану және педагогика» бөлімінің өмірі

Бөлім оқытушыларың жетекшілігімен студенттер біздің колледжде ұйымдастырылатын іс-шаралар мен дебат және интеллектуалдық жарыстар, пәндік олимпиадалар мен ғылыми теориялық конференцияларға қатысып отырады. Даталы күндерге арналып ұйымдастырылған кездесулер мен кештерге өндірістік жетекшілермен өткізілетін сұхбаттарға үнемі ат салысып үлкен дайындықпен өткізіп отырады.

Студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында тарихи мұражайларға, өлкетану орындарына саяхат ұйымдастырылып отырады.

Студенттердің өмірге, ғылымға көзқарасын жан-жақты  дамыту өз мамандықтары бойынша іскерлігін арттыру бағытында оқытушылар қалалық, облыстық оқу семинарларына өз білімін жетілдіру курстарына қатысып оқып отырады.

07 қар 2016

Атырау қаласында Ұлы Отан соғысындағы Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасындағы Халықаралық турнирі болып өтті.

07 қар 2016

Бүгін колледжіміздің студенттері мен мұғалімдері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

07 қар 2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында баскетбол жарысы өтті.



Сурет галерея

Ғаламторды оқу мақсаттарына қаншалықты пайдаланасыз?
Күн сайын
Аптасына бірнеше рет
Аптасына бір рет
Айына бірнеше рет
Айына бір рет және одан да сирек
Тіптен пайдаланбаймын
© 2010 :: М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның "Парасат" колледжі