Главная Карта Контакты


Rambler's Top100

Колледж профильі

         М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің "Парасат" колледжінің паспорты. М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің "Парасат" колледжі - ОҚО -ның ең үздік оқу орындарының бірі. 2000 жылы құрылып, Білім және Ғылым министрлігі берген АБ №0038287 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде орта кәсіптік білім беру құқығында қызмет аткарады. Колледж төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

1. 0105000 Бастауыш білім бері;

2. 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

3. 0103000 Дене тәрбиесі және спорт;

4. 0516000 Қаржы (салалар бойынша);

5. 0518000 Есеп және аудит;

6. 0104000 Кәсіптік білім беру;

7. 0111000 Негізгі орта білім;

8. 0402000 Дизайн;

9. 0201000 Құқықтану;

10. 0512000 Аударма ісі;

11. 0507000 Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

 

        9 - 11 сынып негізінде оқушылар қабылдайды. Оқу түрі: Күндізгі, сырттай. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледж түлектері мемлекттік нұсқадағы диплом алып және өз мамандықтары бойынша ҚР кез келген жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар. 

        2012 - 2013 оқу жылдарында колледж мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. Колледждің педагогикалық ұжымы жоғары білікті, креативті ойлайтын оқытушылардан құралған. Ұжымның кәсіби міндеті - еңбек нарығында бәсекелестікке сай мамандар даярлау, педагогикалық үрдіске жоғары деңгейлі білім нәтижесін көрсететіндей жаңа педагогикалық технологияларды енгізу. Колледжді оқушылардың кәсіби білімі және түлғалық дамуы, оның логикалық ойлауы, таным қабілеті, ой өрісінің дамуы студенттің өз көмегімен іске асырылады. колледжде студенттік өмір өте қызықты және жан жақсы өткізіледі. Барлық өзара түсіністік қарым қатынаста құралған. Сабақтан тыс уақытта интеллектуалдық және іскерлік ойындар, жөңгелек үстел, тренинг семинарлар, акциялар, кәсіби шебер конкурстары, дебаттар, әдеби кештер, шығармашылық есептік көрмелер, жаңа киім үлгілерін көрсету, дефиле шоу, КТК (КВН) өткізіліп тұрады. Оөушылардың қызығушылықтарына қарай клубтар жұмыс жасайды. "Сымбат" қыздар клубы, "Сұңқар" әскери патриоттық клубы. Колледж оқытушылар белсенді және нәтижелі ғылыми - ізденіс жұмыстарын жүргізуде, облыстық, республикалық іс - шараларға белсенді қатысыды, жеңісі мен жемісі де бар. "Жастардың ғылыми потенциалы - Қазақстанның болашағы" атты ғылыми конференция студенттердің пәндік үйірме жұмыстарының нәтижесі. Колледж қосымша ақысыз білім береді. Қытай тілін еркін меңгеруге толық жағдай жасалған. "Study in" халықаралық білім ұйымымен екі жақтық келісім шарт негізінде колледж оқушылары белгілі шетел колледждерінде қосымша оқуға мүмкіндіктері бар. Біздің колледж түлектері өз кәсіби шеберліктерін көрсетуге дайын. Колледж түлектері өз білімдерін жолғарғы оқу орындарында жалғастыруда. Колледж заманауи технологиялық - материалдық базасымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялары, шеберханалары интернетпен жабдықталған. Компьютерлік кластар, электрондық оқу залы, кітапхана жұмыс жасайды. Өз түлектерін жұмыс қамту бойынша колледжде маркетинг жұмысы дұрыс жолға қойылған. ОҚО мен Шымкент қаласының әртүрлі өндірістік ұйымдарында тәжірибеден өту үшін келісім шарт жасалған. 

        Дуальдік оқыту жүйесін енгізу мақсатында "Дария Марс" балабақшасы, ЖШС "Srarcom", ЖШС "Гаухар" тігін фабрикасы, ЖШС "GOLD NOMAD" Altyn Adam тігін фабрикасы, ЖШС "Саутс Ойл", Оңтүстік Қазақстан криминалдық басқармасында оқытушылар мен студенттер тағылымдамадан өтеді. Әсіресе, оқу жүйесінде электронды оқулықтар, белсенді тақта, мультимедиялық оқу құралдарын қолданады. Оқу кабинеттері Pentiun және  Dual Core компьютерлерімен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Электронды оқу залында мәліметтерді іздеу үшін "ИРБИС" кітапхана жұмысын автоматтандыру бағдарламасы қолданылады. Колледж кітапханасында "Фолиант" баспанасы шығарған оқулықтармен кітаптар қоры жаңартылып тұрады. Колледжге қарасты заманауи "Марс" спорттық кешені, тренажер залы және жүзу бассейні салауатты өмір салтын  ұстануға ыңғайланған. "Парасат" колледжінің студенттері гандбол, футбол, воллейбол, тенис, шахмат, қазақша күрес спорттық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

        Колледжде оқу ақылы түрде және бюджеттік негізде. Көптеген оқушыларға оқу төлем ақысына 10% - 100% жеңілдіктер қарастырылған. Колледж президенті тарапынан мүгедектерге, тұл жетімдерге, үздік оқушыларға және спорт белсенділеріне жеңілдіктер қарастырылған. Колледж ұраны "Бүгін оқып - болашағыңды ойла"! 

 

 

        Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Негізгі мектепті бітіру туралы куәлік немесе аттестат;

2. ҰБТ сертификаты;

3. фото сурет 3х4 алты штук;

4. Жеке куәлік көшірмесі немесе туу туралы куәлік;

5. 086 және 063 үлгідегі медициналық анықтама;


Біздің мекен - жайымыз: 160000 Шымкент қаласы Ақпан батыр көшесі №108;

Байланыс телефондары: 87252 53-08-01; Факс: 39-08-47;

Электрондық пошта: Info@parasat.edu.kz;

Сайт: www.parasat.edu.kz;


 

07 қар 2016

Атырау қаласында Ұлы Отан соғысындағы Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасындағы Халықаралық турнирі болып өтті.

07 қар 2016

Бүгін колледжіміздің студенттері мен мұғалімдері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

07 қар 2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында баскетбол жарысы өтті.



Сурет галерея

Ғаламторды оқу мақсаттарына қаншалықты пайдаланасыз?
Күн сайын
Аптасына бірнеше рет
Аптасына бір рет
Айына бірнеше рет
Айына бір рет және одан да сирек
Тіптен пайдаланбаймын
© 2010 :: М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның "Парасат" колледжі